Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank басшылығының құрамындағы кадрлық өзгерістер

Астана қ., 28.02.2017 ж.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ForteBank басшылығының құрамындағы кадрлық өзгерістер.

«ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2017 жылғы 25 ақпанда Басқарма Төрағасының жаңа орынбасарлары – Басқарма мүшелері Гаухар Түсіпқалиқызы Бисембиева және Әділ Өмірбайұлы Батырбеков сайланды.

Гаухар Бисембиева банктің бөлшек сауда бизнесіне жетекшілік жүргізеді.

Әділ Батырбеков корпоративті блок, шағын және орта бизнеске жетекшілік ететін болады.

Гаухар Бисембиеваның Қазақстанның қаржы жүйесінде 20 жылдық еңбек өтілі бар. Осы жылдары аралығында еліміздің жетекші банктерінде қатардағы маманнан Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына дейінгі қызмет жолын жүріп өтті. 2009 жылдан бастап 2015 жылға дейін «ForteBank» АҚ басшылық қызметтерді атқарды, үш банктің (АльянсБанк, Темiрбанк, ForteBank) бірігуі үрдісінде маңызды рөл атқарып, бөлшек сауда блогінің дамуына өзінің зор үлесін қосты. Соңғы екі жылы бөлшек сауда бизнесіне жетекшілік ететін басқарушы директорының лауазымында болды.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін тәмамдады, сонымен қатар Қазақ менеджмент, экономика және болжамдау институтында іскер әкімшілігінің магистрі дәрежесін алды.

Әділ Батырбеков банк саласында соңғы 20 жыл бойы қажырлы еңбек етуде. Өзінің еңбек жолын қаржы талдаушысы қызметінен бастап, соңғы жылдары қазақстандық ірі банктерінің бірі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі болды. Көп жылдық еңбек өтілі және корпоративті, шағын және орта бизнес салаларында терең білімі бар кәсіпқой тұлға.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясының халықаралық экономикалық қатынастар факультетін аяқтап, Ноттингем Университетінің Бизнес Мектебінде (Біріккен Корольдік) іскер әкімшілігінің магистрі дәрежесін алды.

ForteBank туралы ақпарат

«ForteBank» АҚ – 2015 жылы «Альянс Банк» АҚ, «Темiрбанк» АҚ және «ForteBank» АҚ бірігуінің нәтижесінде туындаған және олардың ең қуатты тұстарын өз бойына жинақтаған Қазақстанның ірі банктерінің бірі. ForteBank әмбебап банк болып табылады және тұрғындар мен заңды тұлғаларға қызметтің сан алуан түрлерін ұсынады. Банк Қазақстанның екінші деңгейлі банктері арасында жеке капиталының жеткіліктілік деңгейі бойынша бірінші орында орналасқан.

ForteBank Қазақстанның 39 елді мекенінде 19 филиалы және 120-дан астам бөлімшесі бар, сонымен қатар 800-ден астам банкоматы, банкноттарды қабылдау функциясы бар (cash-in) 200 банкоматтарымен қоса, қолма – қол ақшаны беру пунктеріндегі 200-ге жуық POS-терминалдарымен қоса, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарында 6 000 жуық POS-терминалы бар кең терминалды және эквайрингілік желісі бар.

Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі банкке келесі рейтинг бағаларын берді: ұзақ мерзімді кредит рейтингі – «В», қысқа мерзімді кредит рейтингі – «В», ұлттық шкала бойынша - "kzBB", рейтинг бағаларының өзгеру болжамы – " Тұрақты ".

Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігінің бағалауы: жергілікті және шетел валютасындағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтинг «B3», қамтамасыз етілмеген басым борыш рейтингі «Caa1», бағынышты борыш рейтингі «Caa2», кредит беру қабілеттілігінің базалық бағасы (BCA) «Сaa1», контрагенттің тәуекелділігін ұзақ мерзімді бағалау (CRA) «B2(cr)/NP», ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам: " Тұрақты ".

Байланыс үшін:

ForteBank баспасөз қызметі

Тел. +7 (7172) 58 75 75 (іш. 10427), ұялы.: +7 777 156 11 51

E-mail: aaaytbayeva@fortebank.com ​