Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

Руслан Омаров ForteBank Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Астана қаласы

08.02.2019 ж.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Руслан Омаров ForteBank Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Руслан Омаровты Басқарма мүшесі, ForteBank Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына мақұлдады.

Руслан Омаров IT бағытына жетекшілік етеді, сонымен қатар IT ONE компаниясын басқарады.

ForteBank Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвили: «Руслан Омаровты банктің басшылық құрамында көруге қуаныштымыз. Русланның кәсіби біліктілігі мен жоғарғы деңгейдегі құзыреттілігі цифрландыру жолындағы банк бағдарын нығайтуға және клиенттер үшін ең үздік инновациялық қызметтер ұсыну бойынша бағдарын күшейтуге әсер ететіндігіне сенімдіміз».

Руслан Омаров, биометрикалық шешімдер, төлем құралдары, цифрлік платформалар құрау саласында сарапшы, мансаптық жолын ҚР Ұлттық Банкінде бастады. «Казкоммерцбанк» АҚ инновациялық технологиясын дайындауға қатысты. 2012 жылдан 2018 жылға дейін Бірінші кредит бюросының Бас директоры болды. Оның басқару кезеңінде Бірінші кредит бюросы кредит тарихы картотекасынан кредит нарығына арналған толыққанды қаржылық-технологиялық хабқа дейін өсті. Қазіргі таңда Бірінші кредит бюросының Бақылау кеңесінің Төрағасы, «Атамекен» ҰКП жанындағы ІТ-кеңестің және Алматы қаласы бойынша аймақтық ІТ-кеңестің мүшесі, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жанындағы Қаржы технологиялары комитетінің мүшесі.


ForteBank активтерінің көлемі бойынша Қазақстаннның ең ірі үш банкінің қатарына кіреді және капиталдандыру мен өтімділік деңгейі бойынша көшбасшылық позицияға ие. Markswebb Ресей аналитикалық агенттігінің пікірі бойынша ForteBank мобильді қосымшасы Қазақстандағы №1 болып танылды және ТМД-дағы үздік 10-тың құрамына кірді. The Banker пікірі бойынша ForteBank екінші жыл қатарынан «Қазақстанның жыл банкі» деп танылды.

ios smart banner