Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

«ForteBank» АҚ Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы

Астана қаласы

09.02.2018 ж.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«ForteBank» АҚ Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы

«ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 9 ақпандағы шешімімен Мағжан Әуезовтың кандидатурасы Директорлар кеңесінің мүшесі одан әрі Директорлар кеңесінің Төрағасы лауазымына ұсынылуына байланысты оның Банктің Басқарма Төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Банктің Директорлар кеңесі «ForteBank» АҚ Басқарма Төрағасы ретінде бұған дейін Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында болған Гурам Андроникашвилиді тағайындады. Бұған дейін «Банк Kassa Nova» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында болған Жұмабек Мамұтов «ForteBank» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Бір жылдық жұмысы кезінде Мағжан Әуезов алдына қойылған мақсаттарды орындап, ForteBank-ті еліміздің ең үздік 5 банкінің қатарына қосты. Келесі кезеңде ол өзінің қаржы саласындағы жетік білімімен Директорлар кеңесіндегі жаңа рөлінде банктің стратегиялық мақсаттарына ден қояды. Гурам Андроникашвилиді Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындауға оның халықаралық қаржы институттарындағы үлкен тәжірибесі және банк құрылғаннан бері оны дамытуға белсенді қатысуы негіз болды. Оның мақсаты – ForteBank-ті Қазақстанның банктік секторындағы көшбасшы ретінде қарқынды дамуын жалғастыру», - деп түсіндірді «ForteBank» АҚ мажоритарлы акционері Болат Өтемұратов.

Банк туралы жалпы ақпарат

«ForteBank» АҚ – 2015 жылы «Альянс Банк» АҚ, «Темiрбанк» АҚ және «ForteBank» АҚ бірігуі нәтижесінде құрылған Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі. Банктің еліміздің барлық аймақтары мен қалаларында 19 филиалы және 102 бөлімшесі, сонымен қатар 850-ден аса банкоматтан және сауда және сервистік кәсіпорындарында 10 000-ға жуық POS-терминалдан тұратын кең терминалдық және эквайрингтік желісі бар. Банкте 3 500-нен астам маман жұмыс істейді.

Байланыс үшін:

ForteBank баспасөз қызметі

Эльвира Пелтола

Тел.: +7 (7172) 59 99 99 (ішкі 10868, 10975)

+77057195595

E-mail: epeltola@fortebank.com