Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

"ForteBank" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

"ForteBank" АҚ (бұдан әрі – "Банк") оның атқарушы органының (Басқарманың) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 8/1, 2020 жылғы 04 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-ден 11.00 дейін келесі мекенжайда өткен: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Astana" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі мәселелер қаралды және дауыс беру нәтижелері бойынша келесідей шешімдер қабылданды.


Күн тәртібінің 1-сұрағы "Банктің 2019 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту туралы" бойынша 2019 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін Банктің ұсынылған аудиттелген жылдық қаржылық есебі бекітілсін.


Күн тәртібінің 2-сұрағы "Банктің 2019 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту туралы, Банктің бір жай акциясына төленетін дивиденд мөлшері туралы" бойынша

  1. "ForteBank" АҚ 2019 жылғы таза табысының бір бөлігін үлестірудің келесі тәртібі бекітілсін:
  • дивидендтерді төлеуге 21 117 000 000,00 (жиырма бір миллиард жүз он жеті миллион) теңгеден аспайтын сома бағытталсын;
  • дивидендтерді төлеуден қалған таза табыс сомасы Банктің иелігіне қалдырылсын.
  1. "ForteBank" АҚ-ның бір жай акциясына төленетін дивиденд көлемі 0,2372 теңге (жиырма үш бүтін жүзден жетпіс екі) мөлшерінде бекітілсін, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төленетін салық сомасы. Бұл ретте әр акционер бойынша төленетін дивидендтердің жалпы сомасы бүтін тиынға дейін нақты белгіленуі тиіс (дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша орындалады). Математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша дөңгелектейтін саннан кейінгі бірінші сан 0-ден 4-ке дейін болса, бұтін тиынның мәні өзгермейді, егер дөңгелектейтін саннан кейінгі бірінші сан 5-тен 9-ға дейін болса, бір бірлікке көбейеді.

  2. 2020 жылғы 05 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттағы жағдайы бойынша дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізімі тіркелсін.

  3. "ForteBank" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивиденд төлеудің бастапқы күні – 2020 жылғы 06 мамырдан бастап.

  4. Төлем тәртібі – бір мезгілде бір төлеммен болып бекітілсін.

  5. "ForteBank" АҚ-ның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу нысаны – Банк акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі акционерлердің деректемелері бойынша қолма-қол ақшасыз тәртіпте болып бекітілсін.

Қоғам деректемелері: атауы "ForteBank" АҚ, тіркелгендігі туралы куәлік № 4241-1900-АО, орналасқан жері: Z05P1P0 (010017), Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, банктік деректемелері: БСН 990740000683, БСК IRTYKZKA, корреспонденттік шот KZ23125KZT1001300204 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" ММ-де.


Күн тәртібінің 3-сұрағы "Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржылық жыл үшін есебі туралы" бойынша Банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржылық жыл үшін есебі бекітілсін.


Күн тәртібінің 4-сұрағы "Акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне өтініші және оларды қарастыру қорытындысы туралы" бойынша

Банк Басқармасының 2019 жыл ішінде Банк алған 23 өтініштің ішінде 17-сі өз акционерлерінен Банк акциялары бойынша дивиденд есептеу, төлеу мәселелері бойынша, сонымен қатар Банк акционерлеріне тиесілі акцияларға иелік ету және сату мәселелері бойынша болды, оларға түсініктемемен жауап берілді, акционерлердің Банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекетіне өтініші 2019 жылы болған жоқ деген ақпараты назарға алынсын.


Күн тәртібінің 5-сұрағы "Директорлар кеңесінің және Банк Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері және құрамы туралы" бойынша

2019 жылы Директорлар кеңесінің және Банк Басқармасының мүшелеріне төленетін сыйақы мөлшері және құрамы туралы ұсынылған ақпарат назарға алынсын.


Күн тәртібінің 6-сұрағы "Банкте аудит жүргізетін және 2020–2022 жылдарда 2020–2022жж. үшін қаржылық есебін шолуды жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы" бойынша

"Эрнст энд Янг" ЖШС 2020-2022 жылдары 2020-2022 жылдар үшін Банктің қаржылық есебіне аудит және шолу жүргізетін аудиторлық ұйым ретінде белгіленсін.


Күн тәртібінің 7-сұрағы "Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгертуді бекіту туралы" бойынша

  1. Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгерту осы шешімнің 1-қосымшасындағы редакцияда бекітілсін, осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енгізілсін.
  2. Банк Басқармасының төрағасы Г. Андроникашвилиге (немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға) Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгертуге оның акционерлерінің атынан қол қою және Банк Жарғысына енгізілетін № 6 өзгертуді бекітумен байланысты басқа әрекеттерді орындау өкілеттігі берілсін.

Жиналысқа оның өткізілген уақыты бойы ұсынылған Банктің дауыс беруші жай акцияларының жалпы саны – 73 714 243 282 (жай акциялардың жалпы санының 98,7032%).