Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

«ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«ForteBank» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды

«ForteBank» АҚ (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, (әрі қарай – «Банк») 2019 жылғы 04 наурызда Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілді (әрі қарай – «Жиналыс») онда өкілеттік мерзімі 2022 жылы аяқталатын Директорлар кеңесі сайланды. Жиналыс шешімімен Банктің Директорлар кеңесінің құрамына Эльдар Советович Абдразаков кірді.

Осылайша, қазіргі уақытта Банктің Директорлар кеңесі келесі құрамда:

· акционердің мүдделерінің үш өкілі: Ауэзов Магжан Муратович, Утемуратов Ануар Булатович, Исатаев Тимур Ризабекович;

· үш тәуелсіз директор: Бектуров Рустем Сабитович, Пандза Хуберт Альберт, Абдразаков Ельдар Советович.

Сол күні өткен Директорлар кеңесінің отырысында Ауэзов Магжан Муратович қайтадан Банктің Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Бұдан басқа, Банктің Директорлар кеңесінің осы отырысында Банктің Директорлар кеңесінің барлық комитеттерінің құрамы құрылды.