Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

"ForteBank" АҚ акционерлерінің 2019 жылғы 13 маусымда өткен кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары

"ForteBank" АҚ акционерлерінің 2019 жылғы 13 маусымда өткен кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары

"ForteBank" АҚ-та (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық к-сі, 8/1) (бұдан әрі – "Банк") 2019 жылғы 13 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін келесі мекенжайда өткен Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық к-сі, 8/1, 8-қабат, "Astana" конференц-залы.

Жиналыста бекітілген күн тәртібіне сәйкес "Банктің Директорлар кеңесінің құрамы және Банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сыйақыландыру деңгейін белгілеу туралы" мәселе қарастырылды.

Жиналыста дауыс беру нәтижелері бойынша келесі шешімдер қабылданды:

– Мағжан Мұратұлы Әуезовтің Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі және Рустем Сәбитұлы Бектұровтың Банктің тәуелсіз директоры- Банктің Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын 2019 жылғы 13 маусымнан бастап тоқтатылды;

– Марлен Оразбекұлы Мырзабеков және Рустем Сәбитұлы Бектұров - 2019 жылғы 14 маусымнан бастап Банктің акционері Болат Жәмитұлы Өтемұратовтың мүддесін білдіруші ретінде Банктің Директорлар Кеңесінің мүшелері болып сайланды;

– Марлен Оразбекұлы Мырзабеков пен Рүстем Сәбитұлы Бектұровтың Банктің Директорлар кеңесінің мүшелері ретіндегі өкілеттік мерзімі бір мезгілде - Банктің Директорлар кеңесі өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, яғни, 2022 жылы Банктің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілген кезде аяқталатындығы белгіленді;

– Банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне ай сайынғы белгіленген сыйақы мөлшері белгіленді, сондай-ақ өзге төлемдер, Банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің шығындарын өтеу "ForteBank" АҚ Директорлар кеңесі мүшелерін сыйақыландыру саясатында белгіленген мөлшерде және тәртіпте жүзеге асырылатындығы белгіленді.

Анықтамалық. Жиналыстың жүргізілу барысында ұсынылған Банктің дауыс беруші қарапайым акцияларының жалпы саны 73 722 738 810 (дауыс беруші қарапайым акцияларының жалпы санының 98,5982 %).

Results of voting at the Extraordinary General Meeting of Shareholders of ForteBank JSC held on June 13, 2019

ForteBank JSC (Management Board is located at: bldg. 8/1, Dostyk str., Nur-Sultan city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan) (hereinafter the "Bank") reports on the results of voting at the Extraordinary General Meeting of Shareholders of the Bank (hereinafter the "Meeting") held on June 13, 2019, from 10.00 to 11.00 by Nur-Sultan city time at: "Astana" Conference Room, 8th floor, bldg. 8/1, Dostyk str., Nur-Sultan city, Z05P1P0/010017, Republic of Kazakhstan.

In accordance with the approved agenda, the Meeting considered the issue “On the composition of the Board of Directors of the Bank, and on determining the level of remuneration of members thereof.”

Based on the results of voting at the Meeting, the following resolutions were passed:

– from June 13, 2019, the powers of Mr. Magzhan Muratovich Auezov as a member of the Board of Directors of the Bank, and Mr. Rustem Sabitovich Bekturov as a member of the Board of Directors of the Bank – an Independent Director of the Bank, were terminated early;

– from June 14, 2019 the followings were elected members of the Board of Directors of the Bank as representatives of the interests of Mr. Bulat Zhamitovich Utemuratov, a shareholder of the Bank: Mr. Marlen Orazbekovich Mirzabekov and Mr. Rustem Sabitovich Bekturov;

– it has been established that the terms of office of Mr. Marlen Orazbekovich Mirzabekov and Mr. Rustem Sabitovich Bekturov as members of the Board of Directors of the Bank shall expire simultaneously with the expiration of the term of office of the Board of Directors of the Bank as a whole, that is, at the time of the Annual General Meeting of Shareholders, in 2022.

– the amounts of monthly fixed remuneration of the members of the Board of Directors of the Bank have been determined, as well as it has been established that other payments and reimbursement of costs to the members of the Board of Directors of the Bank shall be made in the amount and in the manner established by the Policy of Remuneration of Members of ForteBank JSC Board of Directors and Reimbursement of Costs thereof.

For reference. Total common voting shares of the Bank represented at the Meeting during the whole time thereof – 73,722,738,810 (98.5982 % of the total common voting shares of the Bank).