Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

"ForteBank" АҚ Басқармасы құрамының өзгеруі туралы ақпарат

Баспасөз хабарламасы

"ForteBank" АҚ Басқармасы құрамының өзгеруі туралы ақпарат

Нұр-Сұлтан қ., 2020 ж. 05 маусым– «ForteBank» акционерлік қоғамы, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1, (бұдан әрі – «Банк») Банк Басқармасы құрамының өзгеруі туралы хабарлайды.

Банктің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 04 маусымдағы шешіміне сәйкес (отырыстың № 18 хаттамасы) 2020 жылғы 04 маусымнан бастап:

  • Басқарма мүшесі – Банк Басқарма төрағасының орынбасары Адиль Умирбаевич Батырбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды (соңғы жұмыс күні 2020 жылғы 03 маусым).

  • Пирматов Бекжан Олжаевич – Банк Басқармасының мүшесі – Банк Басқарма төрағасының орынбасары болып cайланды;

  • Сарсебеков Нурлан Жумабекович – Банк Басқармасының мүшесі – Банк Басқарма төрағасының орынбасары болып cайланды.