Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank активтерін көбейтті және Қазақстанның үздік банктерінің 3-не кірді

Астана қаласы

31.01.2019 ж.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ForteBank активтерін көбейтті және Қазақстанның үздік банктерінің 3-не кірді

Нарық активтерінің 4,5%-ке өсуі аясында Банк активтері 18,1%-ке өсті және 1 776,7 млрд теңгені құрады.

Осы арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарында ForteBank 2 сатыға көтеріліп, активтерінің көлемі бойынша Қазақстанның үздік ЕДБ-нің 3-не кірді.

Өтімділік деңгейі нарықтағы ең жоғарғылардың бірі күйінде қалды, ағымдағы өтімділік коэффициенті К4 (ағымдағы айналым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) 154%, ал норматив 30%-тен кем болмауы тиіс).

ForteBank Moody’s Investors Service және Standard & Poor’s әлемдік рейтинг агенттіктері рейтингілерінің өзгеруі болжамын тұрақтыдан позитивтіге қайта қарастырған Қазақстанның санаулы банктерінің бірі.

ForteBank халықаралық беделді басылымдарда танылуда.

The Banker пікірі бойынша екінші жыл қатарынан ForteBank «Қазақстанның жыл банкі» марапатына ие болды. Сонымен қатар 2018 жылы «The International Banker» банкке «Бөлшек бизнестегі ең үздік инновациялық банк» марапатын берді.

Бұл жаңалыққа ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили түсініктеме берді.

«Егер алдыңғы жылдың қорытындысымен салыстырсақ, біз өткен жылға қарағанда 45-50% жоғарымыз. Бұл жерде 2 құраушы фактор бар – бөлшек бизнесте, сонымен қатар ШОБ-та жаңа клиенттерді тарту бойынша белсенді жұмыс. Бұл ретте жоғары сапалы қызмет көрсету және банк нарығындағы турбуленттілік клиенттерді ForteBank-ке жүгінуге итермелейді. Бұл комиссиялық табыстың айтарлықтай өсуіне және еркін өтімділікке әкеледі. Бұдан басқа кепілсіз кредит беруге баса назар аудара отырып, бөлшек кредит беруді қайта іске қостық, сонымен қатар ForteX валюталық онлайн алаңды дамытуды жалғастырудамыз және заңды тұлға клиенттердің қолма-қол ақшасыз конвертациясынан түсетін табысты айтарлықтай ұлғайттық».


ForteBank активтерінің көлемі бойынша Қазақстаннның ең ірі үш банкінің қатарына кіреді және капиталдандыру мен өтімділік деңгейі бойынша көшбасшылық позицияға ие. Markswebb Ресей аналитикалық агенттігінің пікірі бойынша ForteBank мобильді қосымшасы Қазақстандағы №1 болып танылды және ТМД-дағы үздік 10-тың құрамына кірді. The Banker пікірі бойынша ForteBank екінші жыл қатарынан «Қазақстанның жыл банкі» деп танылды.