Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

«Global Finance» журналының хабарлауынша, ForteBank Қазақстанның ең үздік банкі атанды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қаласы

28.03.2018 ж.

«Global Finance» журналының хабарлауынша, ForteBank Қазақстанның ең үздік банкі атанды

2018 жылғы 19 наурызда Нью-Йоркте «Global Finance» журналы өзінің жыл сайынғы әлемнің ең үздік банктерін марапаттаудың 25-ші рәсімі туралы хабарлады.

Жыл сайын «Global Finance» 150-ден астам елдегі қаржы институттарына зерттеу жүргізіп, қарқынды өсу, инновациялық технологияны дайындау және енгізу, сонымен қатар стратегиялық жобаларды жүзеге асыру белгілеріне қарай үздіктерін таңдайды.

«Global Finance» талдаушы сарапшыларының пікірінше ForteBank-ті жеңімпаз ретінде анықтаған негізгі факторлар – нарықтық ұстанымдарын күшейтуі, негізгі қаржы көрсеткіштерінің өсуі, бизнестің жаңа бағыттарын және IT-технологияны дамытуы.

«Осы жылы сервисі күшті әрі бизнес-нәтижелері өте жақсы банктер лауреат атанды. Global Finance журналының марапатына ие болу біз үшін үлкен мәртебе. Бұл ForteBank-ті еліміздегі ең үздік банк ретінде таныған екінші марапат. Өткен жылдың желтоқсанында «The Banker» журналы ForteBank-ті Қазақстандағы ең үздік банк деп таныды. Бұл банк командасының бірнеше жылғы жұмысының нәтижесі, біз клиенттеріміз үшін озық технологияларды енгізе отырып, бөлшек бизнестегі, ШОБ және корпоративтік бизнестегі нарықтық ұстанымдарымызды үнемі жақсартып отырамыз. Банк капиталының жеткіліктігі мен өтімділігі бойынша нарықтағы көшбасшылық позициясын сақтауда және 2017 жылы барлық қаржылық әрі операциялық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсті, оны халықаралық сарапшылар да байқады», - деді ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили.

ForteBank активтерінің көлемі бойынша Қазақстаннның ең ірі бес банктерінің қатарына кіреді және капиталдандыру мен өтімділік деңгейі бойынша алғашқы 10 ЕДБ арасында көшбасшылық позицияға ие.

2017 жылғы қорытынды бойынша ForteBank негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша сапалы өсімге қол жеткізді:

+23,5% жыл басынан бастап активтердің өсімі;

+13,2% банктің кредиттік қоржынының өсімі;

+19,2% банктің депозиттік қоржынының өсімі;

+47,9% 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы комиссиялық табыстың өсімі;

+59,7% жыл басынан бастап POS-терминалдар санының өсімі;

+31,7% жыл басынан бастап белсенді карталар санының өсімі;

жыл басынан бері мобильді және интернет банкингті қолданушылар саны 3 есе өсті.

Moody’s агенттігі «ForteBank» АҚ-ның рейтингі бойынша болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» дейін жақсартты.

S&P Global Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ-ның рейтингін ұлттық шәкіл бойынша «kzBB-ден» «kzBB+»-ке дейін көтерді. «ForteBank» АҚ-ның рейтингтері бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» ауыстырды және банк эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «В/В» деңгейінде растады.