Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank Павлодар қаласында 500 тал отырғызуға кірісті

Нұр-Сұлтан қаласы

15.04.2019 ж.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

ForteBank Павлодар қаласында 500 тал отырғызуға кірісті

Бүгін ForteBank қызметкерлері және олардың отбасылары Павлодар қаласындағы Усолка ықшам ауданында тал отырғызуды бастады. Аумақты көгалдандыру шаралары облыста елді мекендерді санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандыру бойынша 13 сәуірде басталған айлық шеңберінде өтуде.

«Павлодар – ForteBank үшін маңызды өңір. Біз бұл өңірдің экономикасы мен тұрғындарын белсенді кредиттеудеміз, жергілікті бизнесін дамытуға көмектесудеміз. Сондай-ақ, банк үшін қала өміріне белсенді араласып, әлеуметтік жауапты бизнес болу өте маңызды. Сондықтан біз облыс әкімдігінің бастамасын белсенді қолдап, қала аумағында 500 тал отырғызуға шешім қабылдадық», - деп ForteBank Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвили аталмыш шараға түсінік беріп өтті.

Тал отырғызуға ForteBank-тің 60 қызметкері және олардың отбасылары қатысты. Банкирлер Усолка ықшам ауданын қоқыстан тазартып, ағаш отырғызды. Тал отырғызу технологиясын сақтау үшін банк сырттан тартқан көгалдандыру бойынша мердігер компаниялардың құзыретті мамандары көмектесті.

Бүгін ішінара отырғызылған бес жүз ағаштың құрамы мынадай: 60 көк шырша, 260 жасыл шырша, 60 терек, 60 қайың және 60 шаған. Бүгінгі күні көгалдандыру үшін бөлінген аумақ дайындалған 500 талдың 247-ін отырғызуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ForteBank талдардың біраз бөлігін, яғни филиал ғимаратының салынуына байланысты құлатылуы және қайта отырғызылуы тиіс 52 ағашты құрылыс орнынан «Денсаулық» саябағына қайта отырғызды.

ForteBank активтерінің мөлшері бойынша Қазақстаннның ең ірі үш банкінің қатарына кіреді және капиталдандыру және өтімділік деңгейі бойынша көшбасшылық орынға ие. Ресейлік Markswebb аналитикалық агенттігінің пікірі бойынша ForteBank мобильді қосымшасы Қазақстандағы № 1 және ТМД-дағы үздік ондықтың бірі болып танылды. The Banker пікірі бойынша ForteBank екінші жыл қатарынан «Қазақстанның жыл банкі» деп танылды.