Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank жаңа ForteMobile мобильді байланысының іске қосылатындығы туралы жариялады

БАСПАСӨЗ БАҒДАРЛАМАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 26 мамыр

ForteBank жаңа ForteMobile мобильді байланысының іске қосылатындығы туралы жариялады

«Сәлем! Сөйлесе аласыз ба?» Жыл сайын өтетін Forte-нің жаңа өнімдері мен сервистерін таныстыру осы жолы дәл осы сөйлеммен басталды.

Осы жылы Forte таныстырылымды жаңа форматта жасады және оны Forte Digital Week деп атады. Қазақстандықтар өмірді оңайлататын банктің жаңа өнімдерімен және сервистерімен онлайн-режимде танысты. Forte экожүйесі үнемі жаңа қызметтермен және сервистермен толықтырылып отырады, ал бейбанктік өнімдер қатары кеңейіп келеді.

«ForteMarket цифрлық дүкенінде ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін тауарлардың мыңдаған түрлері сатылады, ForteTravel — бұл туристік турлар мен әуе билеттерін сатып алу қызметі, Forte клиенттеріне басқа да көп нәрселер таныс болды», - деп айтады ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили. — Және бүгін мен сіздерге банк өнімдеріне жатпайтын бірегей өнімімізді ұсынғым келеді, оның көмегімен сөйлесу ыңғайлы — бұл біздің жаңа мобильді байланысымыз ForteMobile».

Forte-ден эксклюзивті мобильді байланыс екі тарифпен, яғни «Gold» және «Platinum» тарифтерімен ұсынылады, олардың атаулары төлем карточкалары түрлерінен алынған.

«Біз серіктесіміз Beeline Қазақстан-мен бірлесіп сіздер үшін күшті ұсыныстар жасадық. Біздің тарифтерімізбен сіздерде минут және интернет жетіспеушілігі туындамайды. Ал егер сіз біздің банктік өнімдерді белсенді қолдансаңыз, онда ерекше бонустар мен сервистерге ие боласыз» - деп айтып өтті жоба менеджері Алена Ахметова.

Тарифтер шығыс қоңырауларға тегін минуттардың көп мөлшерінен, интернет-трафик көлемінен, сондай-ақ әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге, KAZNET және басқа сервистерге лимитсіз трафиктен құралады.

Тарифтердің тағы бір құндылығы - ForteMobile мен серіктесіміз Beeline Қазақстан арасында қоңырау шалу тегін әрі шектеусіз.

Жаңа мобильді байланыста басқа ешкімде жоқ бір сервис бар — роумингте банктің қолдау қызметіне тегін қоңырау шалу. Айтпақшы, қосымша да интернет трафиктерін тарифтеусіз тегін жұмыс жасайды. Бұл сіз сапар үшін карта бойынша лимитіңізді ұлғайтқыңыз келгенде немесе жақындарыңызға ақша аударғыңыз келген жағдайда керек.

ForteMobile-мен кез келген елден ForteBank-ке қоңырау шалып, оператормен уақытты есептемей, қанша сөйлескіңіз келсе, сонша сөйлесе аласыз. Ол үшін +7 705 921-21-21 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалсаңыз болады.

Егер клиент айына 100 000 теңге және одан көп сомаға сауда жасап, ақысын ForteBank төлем карточкасымен төйлесе, онда клиент тағы бір жақсы бонусқа ие болады – мобильді байланыс үшін абоненттік төлем нөлге айналады.

ForteMobile нөмірін ресімдеуді немесе өзіңіздегі нөмірді ForteMobile-ге ауыстыруды Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы банктің кез келген бөлімшесінде жүзеге асыра аласыз.

Тағы бір жақсы жаңалық – ForteMobile сим-картасы мен ForteBank төлем карточкасынан құралған жинақтың лимиттелген жиынтығы, бұл ретте абоненттік нөмір мен карточка нөмірі сәйкес келеді.

Forte бұл жобаны іске қосуға орай кішігірім сыйлық әзірледі. ForteMobile сим-картасына https://mobile.forte.kz/ сайтында тапсырыс берген адамдарға сол сим-картаны жеткізіп береміз. Ертең сағат 15:00-де Forte Digital Week-тің екінші күні өтеді, онда көптеген қызықты жаңалықтар мен сыйлықтар болады.