Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank өз қызметінің 2019 жылғы нәтижесін жариялады

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласы 2020 жылғы 28 сәуір

ForteBank өз қызметінің 2019 жылғы нәтижесін жариялады

ForteBank өз қызметінің аудиттелген шоғырландырылған қаржы есебіне негізделген 2019 жылғы нәтижесін жариялады. 2019 жыл қорытындысы бойынша ForteBank барлық басты қаржылық және операциялық көрсеткіштер бойынша сапалы өсім көрсетуде және Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді.

Активтер

Активтер 23%-ке өсті және жыл соңында 2 070 млрд теңгені құрады. Өсім негізінен банктің клиенттік базасының өсімімің және клиенттердің ағымдағы шоттары мен салымдарының айтарлықтай өсімінің арқасында қамтамасыз етілді.

Кредиттер

Кредиттік портфель 14%-ке өсті және 785 млрд теңгені құрады. Банк кредит берудің консервативтік саясатын ұстанады және ол портфельдің сапасына әсер етеді. 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттер үлесі 2019 жылы 1%-ке азайды және жыл соңында 6% құрады.

Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту ForteBank үшін маңызды бағыт болып табылады. Банктің кредиттік портфелінің 18% шағын және орта бизнес құрайды. 2019 жылы ForteBank Еуропа Қайта Құру және Даму Банкімен және Азия Даму Банкімен шағын және орта бизнеске кредит беру бағдарламалары бойынша қаржыландыру алу туралы келісім бекітті.

Банктің корпоративтік кредиттік портфелі Банктің кредиттік портфелінің 26% құрады, бұл ретте банк 10 ірі қарыз алушыға берген кредит шоғыры кредиттік портфель жиынтығының 14% құрады (2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша 18,4%).

Депозиттер

Депозиттік портфель 24%-ке өсті және 1 337 млрд теңгені құрады. Өтімділік деңгейі нарықтағы ең жоғарғылардың бірі, ағымдағы өтімділік коэффициенті К4 (ағымдағы айналымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) 165% құрайды, норматив 30%-тен кем емес.

Капитал және пайда

2019 жылы таза пайда 45%-ке өсті және 42 233 миллион теңгені құрады. Екі есеге дерлік өсім таза проценттік табысты 59%-ке және таза комиссиялық табысты 54%-ке өсіру есебінен болды. Банктің таза проценттік маржасы (NIM) 2018 жылғы 4,2%-тен 2019 жылы 5,5%-ке дейін өсті. Банк капиталының рентабельділігі (ROAE) 19,7% құрады, 2018 жылы бұл көрсеткіш 14,8% құрады.

Банктің жеке капиталы 15%-ке өсті және 229 млрд теңгені құрады. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті К1 (банктің жеке капиталының тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтерге қатынасы) 17,0% құрады, норматив 7,5%-тен кем емес.

«ForteBank жағымды қаржылық және операциялық нәтижелер көрсетуін жалғастыруда. Депозиттік портфельді сапалы өсірудің арқасында банк активтерінің көлемі 2019 жылы 23%-ке өсті. ForteBank екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау рәсімінен сәтті өтті. AQR нәтижесі банктің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын және жиі және пруденциялық капитал талаптарына қатысты капиталдың айтарлықтай өсімін растады», - деп түсіндірді басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.

2019 жылы банк 2020-2024 жж. даму стратегиясын бекітті және өз миссиясы ретінде Қазақстандағы сұранысы ең жоғары қызметтер экожүйесі болу деп белгіледі. Өз мақсатын жүзеге асыру үшін ForteBank 2019 жылы One Technologies компаниясының 100% үлесін сатып алу бойынша мәмілені аяқтады. One Technologies компаниясын сатып алу цифрландыру және кленттерге ең жақсы инновациялық қызметтерді ұсыну бойынша өз позициясын күшейту жолындағы ForteBank-тің маңызды қадамы болды.

2019 жылы жеке тұлғаларға арналған интернет банкинг клиенттерінің саны 65%-ке, заңды тұлғалар саны - 36%-ке өсті. Банктің шығарылған карточкалар саны 36%-ке өсті және 1,1 млн-нан асты.

ForteBank инновациялық сервис жасауды және банктік емес қызметтер тізімін кеңейтуді жалғастырады. Бұндай өнімдердің алғашқылары – Forte Market цифрлық дүкені, онда ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін мыңдаған әртүрлі тауар сатылады және Forte Travel —туристік турлар мен авиабилеттер сатып алу сервисі.

2019 жылдың басты оқиғалары:

  • Moody’s Investors Service (“Moody’s”) агенттігі ForteBank депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингіні В3-тен В1-ге өсірді (бірден екі сатыға), болжам «Тұрақты»;
  • S&P Global Ratings агенттігі ForteBank рейтингін «В»-ден «B+»-ке өсірді, болжам «Тұрақты»;
  • Fitch Ratings агенттігі ForteBank рейтингі бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» жақсартты
  • KassaNova банкінің жай акцияларын 100% сатып алу бойынша мәміле аяқталды;
  • Кәсіпкерлікті қаржыландыруға ЕҚДБ-дан $60 млн тартылды;
  • Микро, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға Азия Даму Банкінен 31 млрд теңге тартылды;
  • 2014 жылы 236 570 000 АҚШ доллары сомасына шығарылған 11,75% купонымен және өтеу мерзімі 2024 ж. дейінгі облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеді;
  • AQR қорытындысы ForteBank-тің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын растады. AQR нәтижесі бойынша түзетулерді қолданған соң капиталдың жеткіліктілік коэффициенті К1 16,6% құрады, норматив 7,5%.

БАҚ үшін байланыс нөмірі Байланыс қызметі Эльвира Пелтола Тел.: +7 (7172) 59 99 99 (ішкі 10868) epeltola@fortebank.com