Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank өз қызметінің 2017 жылғы нәтижелері туралы жариялады

Астана қаласы

03.04.2018

2017 жылы таза табыс 70%-ға, яғни 19.8 млрд теңгеге дейін өсті

ForteBank аудиттелген шоғырландырылған қаржы есебіне негізделген, қызметінің 2017 жылғы нәтижелері туралы жариялады. ForteBank 2017 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштер бойынша сапалы өскенін көрсетті.

Активтер

Активтер нарық бойынша активтердің 5%-ға төмендеуі аясында 19%-ға өсіп, 1 445 млрд теңгені құрады.

Кредиттер

Кредит қоржыны нарықтың 14%-ға жалпы төмендеуі аясында 8%-ға өсті және 672 млрд

теңгені құрады.

Кредит қоржынының сапасы жақсарды, ҚР Ұлттық Банкінің әдістемесі бойынша әрекетсіз кредиттердің үлесі бір жыл бұрынғы 7,48%-бен салыстырғанда, 01.01.2018ж. жағдайы бойынша 7,24% құрады.

Депозиттер

Депозит қоржыны нарықтың 3%-ға төмендеуі аясында 22%-ға өсіп, 981 млрд теңгені құрады.

Өтімділік деңгейі нарықтағы ең жоғарылардың бірі болып қала береді, ағымдағы өтімділік К4 коэффиценті (ағымдағы айналым активтерінің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы), норматив 30% -дан кем болмағанда, 230 % құрайды.

Капитал және табыс

Таза пайда 2016 жылғы ұқсас көрсеткіштермен салыстырғанда, 70%-ға өсіп, 19,8 млрд теңгені құрады.

Банктің меншікті капиталы 9,1% өсіп, 194 млрд теңгені құрады.

Капиталдың жеткіліктілік К1 коэффиценті (банктің меншікті капиталының тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтерге қатынасы), норматив 5,5% -дан кем болмағанда, шамамен 19% құрады.

«ForteBank қаржылық және операциялық оң нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Банк активтерінің мөлшері 2016 жылы 14%-ға, 2017 жылы 19%-ға өсті, бұл кредит және депозит қоржындарының сапалы өсу есебінен қамтамасыз етіледі. 2017 жылы нарықтық жайғасымдардың күшеюі бірден екі халықаралық Moody’s Investor Service және S&P Global Ratings рейтингі агенттіктерінің банк рейтингілері бойынша болжамының «тұрақты»-дан «жағымды»-ға жоғарлауымен бегіленді. Өткен жылдары үш банкті біріктірудің күрделі процесін сәтті аяқтап, ForteBank 2017 жылы капиталдың жеткіліктілігі және өтімділігі бойынша жетекші орынды сақтап тұр. Қаржы көрсеткіштері тұтас команданың жұмысын және соңғы бірнеше жыл бойы клиенттеріміздің тарапынан банкке деген ерекше сенім білдіруін көрсетеді»,- деп Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвили алынған нәтижелерді мәлімдеді.

2017 жылдың негізгі оқиғалары:

· Moody’s агенттігі «ForteBank» АҚ рейтингілері бойынша болжамды «тұрақты»-дан «жағымды»-ға жақсартты;

· S&P Global Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ рейтингін ұлттық өлшем бойынша «kzBB»-ден «kzBB+» дейін жоғарлатты. «ForteBank» АҚ рейтингілері бойынша жасалған «тұрақты»-дан «жағымды»-ға болжамын қайта қарастырды және «В/В» деңгейінде банк эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерін растады;

· Markswebb ресейлік аналитикалық агенттігі ForteBank мобильді қосымшасын Қазақстандағы № 1 және ТМД бойынша 10 ең үздіктің қатарында деп таныды;

· ForteBank «Kazakhstan Growth Forum K17» халықаралық конференциясында бизнес жүргізудегі инновациялық көзқарас үшін «Банктік трансформация» номинациясында «2017 жылдың Трансформаторы» премиясының иегері атанды;

· ForteBank The Banker нұсқасы бойынша «Қазақстандағы жыл банкі» болып танылды;

· ForteBank «Global Finance» нұсқасы бойынша ең үздік банк болып танылды.