Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank пен Самұрық-Қазынаның ынтымақтастығы артуда

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қаласы

01.10.2018

ForteBank пен Самұрық-Қазынаның ынтымақтастығы артуда

«ForteBank» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ келісімге қол қойды, оның шегінде ForteBank Самұрық-Қазына, «Қазақстан Темiр Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының борышқорлық облигацияларын сатып алады және «Самұрық-Қазына» Тобының компанияларына өзінің операциялық қызметтерін ұсынады.

«Самұрық-Қазынамен ұзақ мерзімді серіктестігімізді әрі қарай жалғастыруға қуаныштымыз және серіктестігіміз экономиканың нақты секторын кредиттеу бойынша стратегиялық жобалардың тиімді іске асырылуына ықпал ететіндігіне сенімдіміз. ForteBank-тің капиталының жеткіліктілігі және елдегі өтімділігі бойынша озық орнын сақтай отырып, 2018 жылы барлық қаржы және операциялық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай өскенін көрсетеді. Самұрық-Қазына, Қазақстан Темiр Жолы және Қазатомөнеркәсіппен жасалған бұл мәміле Қазақстанның корпоративтік сегментінде ForteBank орнының ерекшелігін арттырады», - деп ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили айтып өтті.

Самұрық-Қазына Fortebank-пен бекіткен шарты шегінде өзінің 220 млрд. теңге мөлшеріндегі депозитін ForteBank-тің ұзақ мерзімді облигацияларына айырбастады. Өз кезегінде ForteBank Самұрық-Қазына мен Қазақстан Темiр Жолының 150 млрд. теңге мөлшеріндегі облигацияларын және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының 200 млн. АҚШ долларына дейінгі облигацияларын сатып алуда. Қазақстан Темiр Жолы және Самұрық-Қазынамен мәмілелер аяқталды, Қазатомөнеркәсібімен мәміле жақын арада аяқталатын болады.


ForteBank еліміздің ең тұрақты, өтімді және жақсы капиталдандырылған банктерінің бірі, бізге 2 000 000 аса клиент сенеді, біздің 19 филиалымыз және 100-ге жуық бөлімшеміз бар. Банктің мобильді қосымшасы Markswebb ресейлік аналитикалық агенттігінің нұсқасы бойынша Қазақстандағы №1 және ТМД бойынша 10 үздіктің қатарында деп танылды. ForteBank 2017 жылы The Banker нұсқасы бойынша «Қазақстанның жыл банкі» және «Global Finance» нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды.

ios smart banner