Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында «Тосын көзқарас» көрмесі ашылды

2019 жылғы 23 мамырда ForteBank Kulanshi ArtSpace галереясында «Тосын көзқарас» көрмесі ашылды. Фото өнеріне арналған экспозиция жұртшылыққа Польшаның белгілі фотографы Марта Виечоректің жұмыстарын ұсынады. Көрменің салтанатты ашылуына Қазақстанның және шетелдің өнер қайраткерлері, жетекші өнертанушылары және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Марта Виечорек әлемнің 50-ден астам елдерінде болған, сапарлары барысында ол композицияны қызықты ерекшеліктерді аңғарта және әсемдікке көмкере отырып, адамдардың өмірін, қоғамдық өмірді бейнелейді. Фотосуретшінің өз кейіпкерлерінің ішкі дүниесін ашуы және сол арқылы оларды ерекшелендіруі оның жұмыстарының бірегейлілігін көрсетеді», - деп айтып өтті ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили.

Антрополог, кәсіби және сұранысқа ие фотограф Марта Виечорек Польшаның ең әдемі жері – Лодзь қаласында туып-өскен. Мәдени және әлеуметтік антропология саласында білім алған Марта адамдарды зерттеп қана қоймайды, сонымен қатар адам жаратылысының сұлулығын көрсетеді.

«Мартаның жұмыстарының мәнін түсінуге деген құштарлық пен медитативті пайымдау көрерменнің жүрегіне тыныштық пен сенім ұялатады. Бір өзіңнен басқа ешкім көрмейтін әдемілікті көру мүмкіндігін береді. Бұл үшін Марта Виечорек сияқты қай жерде болмасын өмірді, адамдарды сүю керек» - деп «Құланшы» заманауи өнер орталығы кураторлық кеңесінің төрағасы Лейла Махат түсінік берді.

Экспозицияның екінші бөлігінде қазақстандық жас фотографтардың жұмысы ұсынылған. Әнел Құрбанова, Анар Мергенбаева, Вероника Лернер, Данил Потапов, Дарья Демиденко, Екатерина Заечковская, Жақсылык Байғазы, Натали Карпушенко, Наталья Болгарова, Назира Қожанова және Оспан Әли туындыларын алғаш рет ұсынып отыр.

Көрмеде 100-ден аса жұмыс ұсынылған. Галерея үнемі жұмыс істейді, экспозициялар жүйелі түрде ауыстырылып отырады. Қала тұрғындары мен қонақтары галереяға келіп, өнер жауһарларын тамашалай алады.

«Тосын көзқарас» экспозициясы 2019 жылғы 31 тамызға дейін келесі мекенжай бойынша ForteBank ғимаратында көрсетіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 8/1. Көрме күн сайын сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін ашық, кіру тегін.

Фотограф туралы ақпарат:

Марта Виечорек Польшаның Лодзь қаласында дүниеге келген. Марта – Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) шейх Заед атындағы Мәдени антропология университетінің доценті. Ол 2013 жылы антропология бойынша докторлық диссертациясын қорғаған. Оның ғылыми мүдделер салалары визуалды және қалалық антропологиядан тұрады, ол оны өзінің фотография мен ғылыми жұмысқа деген ерекше әуестігімен байланыстырады. Ол – поляк және бұдан бұрын өзінің фотожұмыстарын көрерменге 2008 және 2010 жылдарда Лодзь қаласында ұсынған. Марта әлемнің 50-ден аса елінде болған, сапарлары барысында ол адамдардың өмірлік тәжірибелерін қағазға түсіруге тырысады. Ол белгілі стильде жұмыс істейтін, Еуропа, Азия және Таяу Шығыста тәжірибе жинаған ғалым, жариялайтын зерттеуші және креативті суретші.