Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

Назар аударыңыздар! Алаяқтар жалған банк нөмірлерін жасауы мүмкін

Құрметті клиенттер,

ForteBank алаяқтардың жалған банк нөмірлерін жасап, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырулары мүмкін екендігін ескертеді.

Сайтымызда көрсетілген +7 (727) 258-50-00, +7 (727) 258-35-55, 7575 нөмірлері кіріс қоңыраулар үшін ғана қолданылады. Банк ешқашан бұл нөмірлерден клиенттерге қоңырау шалмайды.

Егер Сізге осы нөмірлердің бірінен қоңырау шалса, өз деректеріңіз бен карточкаңыздың деректерін айтпаңыз, телефон тұтқасын бірден тастаңыз.