Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

Чекті талап етіңіз де, жүлде ұтып алыңыз

Осы арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетінің «Чекті талап етіңіз де, жүлде ұтып алыңыз!» деген науқанды бастағаны туралы хабарлаймыз.

2019 жылғы 1 мамыр мен 8 тамыз аралығында кез келген сауда жасаңыз немесе кез келген ақылы қызметтерді алыңыз да, iPhone 7 смартфонын ұтып алыңыз.

Ол үшін сізге мыналар қажет:

• Кез келген сауда жасаңыз немесе кез келген ақылы қызметтерді алыңыз;

• Чекті бекiту және (немесе) деректердi беру функциясы бар кассалық-бақылау машиналарынан алыңыз;

• Фискалды чекті «Таңдау» мобильді қосымшасында тіркеңіз.

Науқанның шарттары:

1) Қазақстан Республикасының 18 жастан асқан барлық азаматтары қатыса алады;

2) Науқанға жарнаманың басталу күнінен берілген чектер арқылы қатысуға болады;

3) Бір қатысушының тіркейтін чек санына шектеу жоқ;

4) Жарнамалық науқан кезінде IPhone 7 смартфоны күн сайын ойнатылады.

Толық ақпарат www.trebui.kz сайтында

ios smart banner