Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteOpen теннис турнирі алғаш рет Астанада өтті

Алматыда дәстүрге айналған ForteOpen теннис турнирі алғаш рет Астана қаласында өтіп, көптеген қатысушылар мен жанкүйерлерді жинады. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Украина, Ресей елдерінен 65-тен аса әуесқой спортшысы қатысты. Жарыс ерлер арасында жеке және жұптық түрде өтті. Жүлде қоры 3 млн 540 мың теңгені құрады.

«Әлеуметтік жобаларды, сонымен қатар балалар спортын дамытуға бағытталған жобаларды қолдау қызметіміздің маңызды бөлігі болып табылады. Теннис турнирлерін өткізу біз үшін игі дәстүрге айналуда. Осы жылы біз Алматыда турнирді үш мәрте өткіздік, ал осы демалыс күндері ForteOpen алғаш рет Астанада өтіп, бұл есте қаларлық оқиға бәрімізге ерекше көңіл-күй сыйлады», - деп айтып өтті ForteBank Басқармасының Төрағасы Гурам Андроникашвили.

Турнирден түскен қаражаттың бәрі балалар теннисін дамытуға жұмсалады. Ағымдағы жылдың қараша айында үлкен тенниспен кәсіби айналысатын балаларға арналған республикалық турнир өтетін болады.

«Біз болашақ чемпиондарды тәрбиелеудеміз. Біздің балалар жақында өткен Азия жарыстары мен басқа турнирлерде қанжығаларына үш медаль байлады. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатындығына сенемін, федерация бұл үшін көп күш жұмсап, аянбай еңбек ететін болады», - деп айтып өтті Қазақстан Теннис федерациясының атқарушы директоры Юрий Польский.

Турнирге қатысушы Сергей Сычёв Астанаға Орск қаласынан келген. Ол кәсіби футболшы, ал тенниске көптен бері аса әуесқойлық танытып жүр.

«ForteBank турниріне алғаш қатысып отырмын. Астана қаласында өтетін ауқымды турнирлерге төрт жыл бойы келіп жүрмін. Әрдайым осылай тамаша жағдай жасалады, жылы шыраймен қарсы алады. Өзіме жақсы достар таптым. Астаналық әуесқой теннис туралы біліп, өзім үшін жаңалық ашқаныма ризамын. Қарапайым әуесқой спортшының осындай теннис орталығында ойнауы өте сирек кездесетін жағдай. Мен, тіпті, Бірінші Президент турнирінде ойнау құрметіне де ие болдым», - деп қуанышымен бөлісті Сергей Сычёв.