Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

Абайлаңыз, алаяқтар шықты

Құрметті клиенттер,

Осы аптада алаяқтар белсенді әрекеттенуде, сондықтан сіздің абай болуыңызды өтінеміз. Банк нөмірлерін қайталайтын виртуалды нөмірлерден қоңырау шалуы мүмкін, сондай-ақ атымен жоқ акцияларда жеңіске жеткеніңіз туралы хабарлама алуыңыз мүмкін.

Сондай-ақ, алаяқтар әлеуметтік желілерде, әсіресе Инстаграмдағы парақшалар мен аккаунттарды пайдаланады, олар ForteBank ұтыс ойынының ұйымдастырушысы болып көрінеді: ұтысқа қатысу үшін билеттерді сатады да, сізден карта мәліметтерін жіберіп, комиссия төлеуді сұрайды.

Жадыңызда сақтауыңызды сұраймыз: Біздің қызметтер, карталар және лотереялар туралы барлық ақпарат осы сайтта және Инстаграмдағы ресми аккаунттарда: @fortebankkz, @market.forte, @iamfortekz жарияланады.

Біздің конкурстар мен ұтыс ойындарына қатысу үшін біз ешқашан ақша аударуды немесе жеке деректеріңізді: карта нөмірлері, пин-код және CVC / CVV кодтарын сұрамаймыз.

Toyota Camry 70 ұтысы аяқталды, қазірше басқасы жоқ. Жаңа ұтыс болған кезде біз барлық ақпаратты сайтта және әлеуметтік желілерде орналастырамыз.

Құрметпен, ForteBank

ios smart banner