Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

2019 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР валюталық заңнамасына өзгерістер енгізілді

«Fortebank» АҚ 2019 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына өзгерістер енгізілгендігі туралы хабарлайды:

  1.  Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңы.
  2.  Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары 10.04.2019 жылғы № 64.
  3.  Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары 30.03.2019 жылғы №40.
  4.  Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидалары 30.03.2019 жылғы №42.

Жаңа нормативтік құжаттар Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында орналастырлған https://nationalbank.kz/?docid=36&switch=kazakh.

Сұрақтарыңыз бойынша «Fortebank» АҚ филиалына хабарласыңыз.

2019 жылғы 1 шілдеден бастап валюталық заңнамадағы негізгі өзгерістер.

Заңды тұлғалар үшін

  1.  Резидент-заңды тұлғалардың теңгеге қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу тәртібі сатып алу мақсатына қарай өзгертілді.
  2.  Талаптарында тауарды Қазақстан Республикасының аумағынан өткізу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету қарастырылған экспорт/импорт бойынша валюталық шарттар бойынша есептік нөмір алу.
  3.  Тіркеу және хабарлау тәртібінің орнына Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарды ҚР Ұлттық Банкінде есептік тіркеу: 500 000 АҚШ долларынан жоғары сомадағы валюталық операциялар бойынша.
  4.  Шетелдік қаржылық емес ұйымдар филиалдарының резиденттігі.

Жеке тұлғалар үшін

  1.  Жеке тұлғаның шот ашусыз төлемдері және (немесе) ақша аударымдары – 10 000 АҚШ долларына дейін ғана (қоса алғанда).
  2.  Тіркеу және хабарлау тәртібінің орнына Капитал қозғалысы жөніндегі валюталық шарттарды ҚР Ұлттық Банкінде есептік тіркеу: 500 000 АҚШ долларынан жоғары сомадағы валюталық операциялар бойынша.
  3.  Баламасы 50 000 АҚШ доллары және одан жоғары сомаға төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша валюталық операция туралы деректерді уәкілетті банкке беру.