Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

Қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу тәртібіне енгізілген өзгерістер

Құрметті клиенттер!

2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу қағидаларының 2020 жылғы 23 наурыздан бастап күшіне енуіне байланысты, "ForteBank" АҚ қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алу тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды.

Келесі мақсаттарда қолма-қол шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алу: (100 000 АҚШ долларының орнына) 50 000 АҚШ долларындағы баламасынан аспайтын сомаға – шетел банктеріндегі жеке шоттарына шетел валютасын аудару, шетел валютасындағы ақшаны ақысыз аудару, сондай-ақ шетел валютасын уәкілетті банктердегі шоттарға орналастыру.

(100 000 АҚШ долларының орнына) 50 000 АҚШ долларынан асатын сомаға сауда жасау өтінімін ресімдеу кезінде валюталық шарт және шот/төлеу туралы өзге құжат қоса беріледі.

Қолма-қол ақшасыз шетел валютасын ұлттық валютамен сатып алу өтінімімен қатар, ол 10 жұмыс күні ішінде жұмсалмаған жағдайда, оны 3-күндік мерзімде сату туралы банкке берілетін нұсқау қоса берілуі қажет. Бұған осы заңды тұлға – резидент оның акционерлері, құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың немесе оның бір бөлігінің төлемі мақсатында сатып алынған шетел валютасы қосылмайды.