Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteMarket серіктестері үшін комиссияны жояды және жаңа сатып алушыларға 10 000 теңге сыйлайды

Forte Digital Week-тің соңғы күні бизнес және кәсіпкерлерге Forte-мен көбірек табыс табуға көмектесу жолдары туралы айтылды.

Компания үшін банкті таңдау ол әрқашан сенім туралы әңгіме. Кәсіпкерлер бұл мәселеге барлық банктегі детальдарды салыстыра отырып, үлкен мұқияттылықпен қарайды. Шоттар қаншалықты жылдам ашылады, ақша аудару және алу үшін комиссиялар қандай, интернет-банкингі қаншалықты ыңғайлы, бөлімшелерде жақсы қызмет көрсетіледі ме, валютада төлем қабылдауға болады ма осының барлығы өте маңызды.

«Осыдан 5 жыл бұрын Forte актив саны бойынша бантердің отыздығының ішінде болды, ірі компаниялар бізбен жұмыс істеуді ұйғарады деу мүмкін емес секілді көрінген. Алайда, біз сол күнге жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бүгінгі күні біз еліміздегі үшінші ең ірі банкпіз және ірі компаниялармен жұмыс жасаймыз. Өткен жылы бизнес шоттарды басқаруға арналған жаңа интернет-банкингіні іске қостық. Қазіргі күні оның біздің клиенттеріміздің көңілінен шыққандығын көреміз – бір жылдан аз уақыт ішінде оған 16 000 астам кәсіпкерлер ауысты», — деп бөлісті жобалық офис басшысы Елдос Қырбасов.

Осы жылдан бастап кәсіпкерлер бизнес үшін шот ашуға өтінімді бөлімшеге келмей-ақ бере алады. Ал жаңартылған интернет-банкингіде шоттарыңыздағы валютаны қазынашылық ұсынған дербес бағам бойынша айырбастауға болады. Кәсіпкерлерге бұның барлығын қолдану тиімді болуы үшін банк өзінің жаңа тарифтік пакеттерімен таныстырды, оған барлығы кіреді: карта, шот, эквайринг, ақша аудару және басқалары.

«Өткен жылы шығарылған және кәсіпкерлердің көңілінен шыққан тағы бір қолайлы өніміміз — ForteKassa, бұл сіздің сауда орныңызды автоматтандыратын, кассаны, қызмтекерлерді, қойманы бақылауға, түсімді көруге, жеке кабинетте аналитиканы қарауға мүмкіндік беретін құрылғы. Бұның барлығы үшеуі біреуінде – кассалық аппарат, чектер принтері және POS-терминал. Саудагерлер үшін мінсіз шешім», — деп баяндады Елдос.

Бұл құрылғы қазақстандық кәсіпкерлер арасында танымалдылыққа ие болды, ал осы жылы ол жаңа функциялармен толықты: аралас төлем, кассалық аймақта жеңілдіктер, мобильді қосымшада тауарды қабылдау.

Жақында Forte оның кішірейтілген нұсқасы – ForteKassa смарт-терминалын шығарды. Үлкен нұсқасы секілді функционалды, орнатылған штрих-код сканері бар. Өзіңізбен бірге алып жүруге ыңғайлы болуы үшін сөмкеге оңай сыяды.

*«Көп қызметкер жұмыс жасайтын және әрқайсысы төлем қабылдауы тиіс бизнестер үшін әрқайсысына POS-терминал сатып алмас үшін біз қарапайым әрі көркем шешім қабылдадық.

Бұл NFC-модуль арқылы смартфоныңызды жанасусыз төлемдер қабылдайтын құрылғыға айналдыратын Tap on Phone технологиясы. Бұл ірі желілер үшін де, мысалы, такси, жеткізу, мейрамханалар саласы, үлкен кассаны қажет етпейтін шағын бизнестер үшін де, мысалы, шаштараздар немесе гүл сатушылар үшін де қолайлы»*, — деп түсіндірді Елдос.

Бір жылдан аса уақыт бұрын Forte экожүйесі Forte Market цифрлы дүкенмен толықты, онда ұсақ электроникадан үй жиһазына дейін мыңдаған тауарлар сатылады.

Бүгінгі күні бұл алаңда 100-ден аса санатта 100 мың дана тауар ұсынатын 200-ден астам сатушы бар. Бұл жерден сіз үй техникасын, гаджеттерді, автоаксессуарларды, спорт заттарын және басқа да көптеген тауарларды онлайн сатып ала аласыз.

«Қазір біздің басты назар аударатынымыз – отандық кәсіпкерлерді қолдау, сондықтан біздің маркетплейсте «Қазақстанда жасалған» деген арнай бөлімін пайда болды. ForteMarket-тің барлық серіктестері үшін 2020 жылдың шілде айының соңына дейін тауар сатылымынан комиссия алмаймыз — бұл карантин кезеңінде бизнесті дамытуға жақсы ынталандыру болады және кәсіпкерлерге үнемделген қаражатты бизнестерін дамытуға бағыттауға көмектеседі», - деді ForteMarket басшысы Дмитрий Комиссар.

Сондай-ақ, бизнесті дамыту үшін кәсіпкерлерге Forte-нің маркетингілік ресурстары беріледі – сайтта жарнама орналастыру, пуш-хабарлама, әлеуметтік желілерде және басқа каналдарда жарнамалау. Барлығы олардың бизнесі туралы неғұрлым көп адам білуі үшін жасалады.

Таныстырым соңында әдеттегідей барлығын тосынсый күтіп тұрды – Forte барлық клиентке маусым айының соңына дейін кез келген саудаға 10 000 теңгеге ForteWeek промокодын сыйлады.