Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank бір доллар үшін 388 теңге бағамын белгілейді

Бұндай тосынсый көрермендерді Forte Digital Week-тің екінші күні күтіп тұрды. Өзіміздің өнімдік команданың күшімен жасалған Forte-нің жаңа қосымшасы жаңа сервистермен толықты.

«Forte-нің жаңа қосымшасында біз мобильді қосымшаның концепциясын толық өзгертіп, дизайнын қайта жасап, үйреншікті төлем жасау және ақша аудару сервистерін жақсартып қана қойған жоқпыз, оны цифрлық экожүйенің жаңа өнімдерімен және сервистерімен толықтырдық. Енді банктің мобильді қосымшасы Forte цифрлық экожүйесіне басты кіреберіс» - деп баяндады ІТ блогінің басшысы Нұрлан Сарсебеков.

Үйреншікті сервистерден бөлек қосымша жаңа өнімдермен толықты, солардың бірі ForteForex өнімі.

«Forte командасы күнделікті өмірде үйреншікті нәрсеге айналған валюта айырбатау сервисін детальді талдау жасады. Біздер мүлдем бірегей тәсілін жүзеге асырдық деп үміттенеміз. Қазақстан нарығында жеке тұлғаларға арналған бұндай шешімдерді кездестірген жоқпыз» -, деп баяндады қазынашылық басшысы Асыл Даутбаев.

ForteForex сауда алаңы — бұл банктің барлық клиенті валютаны өзінің бағамы бойынша сатып ала алатын және сата алатын қосымша. Енді айырбастау орындарынан және банктерден ең жақсы бағамды іздеудің қажеті жоқ. Forte клиенттері енді делдалсыз, «спрэдсіз» және басқа да қосымша шығынсыз бір-бірімен валютаны өздері саудалайды!

«Толық автоматтандырылған ForteForex алаңы бірнеше секунд ішінде мобильді телефон экранында бірнеше батырманы басу арқылы клиенттерімізге келісімге келіп, бір-бірімен мәміле жасауға мүмкіндік береді. Платформадағы барлық мәміле құпия түрде өтеді. Сіздер бұл сервистен барынша рақат көрсін деп біз комиссияны 0 теңге етіп қойдық», — деп бөлісті Асыл.

Жаңа өнімді іске қосу құрметіне банк өзінің барлық клиентіне арнайы бағам түріндегі тосынсый дайындады.

«Ертең сағат 11:00-де ForteForex платформасына кіріп, бір сағат ішінде өзінің алғашқы өтінімін жасаған клиенттердің барлығына банк 100 АҚШ долларын ескі бағам – бір доллар үшін 388 теңгемен сатады», — деп мәлімдеді ForteBank Басқарма Төрағасы Гурам Андроникашвили.

Саудаға қатысу үшін Forte-нің жаңа қосымшасын жүктеп, басты бетте ForteForex қыстырмасына кіріп, онда қысқаша оқудан өтіп, ең тиімді мәмілелер жасауға кірісуге болады.

Таныстырылымның соңында көрермендерге жақын айларда іске қосылатын, жинағыңызды көбейтуге және операцияларда үнемдеуге мүмкіндік беретін ForteFamily отбасына арналған банк карталары жаңа пакетті ұсынысының анонсы көрсетілді.

GOLD немесе PLATINUM сыйлықақылы картасын шығара отырып сіздің жақындарыңыз да сондай картаны тегін ала алады. Пакетті ұсыныста депозиттер бойынша ең үздік талаптар бар, ата-аналар үшін еліміздегі ең жоғарғы мөлшерлеме бойынша депозит қолжетімді болады, ал Forte қосымшасы арқылы коммуналды төлемдерді төлей отырып, коммуналды төлем сомасының 10-нан 100%-ке дейінгі мөлшерін сыйға алуға болады. Соманың бір бөлігін сіз үшін Банк төлейді.

ForteFamily іске қосылған кезде сыйлықтар ұтысы басталады. Forte карта бойынша транзакция жасайтын клиенттер арасында жаңа Toyota автокөлігі ойнатылады!

Ал бүгін forteweek.com сайтында өз мәліметтерін қалдырған барлық көрермендерге банк Forte картасы бойынша жарты жыл тегін қызмет көрсетуді сыйлайды.

Ертең Forte Digital Week-тің соңғы күні болады, өткізіп алмаңыз, алда әлі көптеген қызық бар! Forte-нің жаңа қосымшасын жүктеп алу үшін сілтеме

https://apps.apple.com/kz/app/forte/id1501520153.

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.forte.app.store