Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

«Global Finance» пікірі бойынша ForteBank үшінші жыл қатарынан Қазақстанның үздік банкі деп танылды

Жыл сайын «Global Finance» зерттеу жүргізіп, 150-ден астам елден жетекші әлемдік институттарды таңдайды. «Global Finance» марапаты банк саласындағы жоғарғы стандарттарға сәйкес келгендігі үшін беріледі.

«Global Finance» сарапшыларының пікірінше ForteBank-тің жеңісін анықтаған басты факторлар нарықтық позициясын күшейтуі, қаржылық көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуі, инновациялық технологияларды енгізуі және бәсекеге қабілеттілігі болды.

«Біз Global Finance басылымына біздің жетістіктерімізді жоғары бағалағаны үшін ризамыз. Біз бұл марапатты үшінші рет алып отырмыз, ол Қазақстанда ForteBank-тің мықты қырларын мойындауын білдіреді. Банк капиталының жеткіліктілігі және өтімділігі бойынша нарықта өзінің алдыңғы орнын сақтауда және 2019 жылы барлық қаржылық және операциялық көрсеткіштері бойынша айтарлықтай өсімге қол жеткізді», - марапатты алуын осылайша түсіндірді ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.


ForteBank The Banker, Global Finance және AsiaMoney халықаралық іскерлік басылымдардан бірнеше рет беделді марапаттар мен «Қазақстандағы ең үздік банк» атағын алды.

БАҚ үшін байланыс нөмірі Байланыс қызметі Эльвира Пелтола Тел.: +7 (7172) 59 99 99 (ішкі 10868) epeltola@fortebank.com