Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank ТЖ кезеңінде кредиттерді өтеуге жеңілдіктер береді

Қазақстанда 2020 жылғы 16 наурызда төтенше жағдай режимі енгізілді. ForteBank қиын жағдайға тап болған өз клиенттерін қолдап және ҚР Үкіметінің және Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі қолданған шараларды ескере отырып, келесіні хабарлайды:

Жеке тұлғалар бойынша Банк клиенттерінің өтініш беруіне қарай жекеше қарау тәртібімен кредиттер бойынша міндеттемелерді орындау бойынша 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру жеңілдігін береді. Жеке тұлғалар ТЖ кезеңінде төлемдердің мерзімін өткізіп алған жағдайда, Банк ол бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді. Жеке тұлғалардың қарыздары бойынша 90 күннен кепілсіз астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеу тоқтатылады.

Жеке кәсіпкерлер (ЖК) мен ШОБ субъектілері бойынша Банк кредиттік міндеттемелер бойынша төлемге 90 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыру жеңілдігін жеке тәртіпте береді. Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектеулерді енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне кейінге қалдыру жеңілдігі беріледі. БЖК 2020 мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі қарыздар бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде, БЖК 2025 бойынша - ДАМУ КДҚ-ның қосымша келісімі талап етіледі

Құжаттарды тапсыру Банкке жүгіну үшін клиенттердің бөлімшелерге келуінің қажеті жоқ. ForteBank вирустың таралуын шектеу мақсатында коммуникацияның сандық арналарын, яғни: сайт, мобильді қосымша, электрондық пошта арқылы құжат айналымын ұйымдастырады. Жеке тұлғалар, сондай-ақ ЖК және ШОБ субъектілері өзінің өтінішіне қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын сканерленген құжаттарды қоса бере алады.

Толық нұсқаулық және қажетті құжаттардың нақты тізімі Банктің сайтында жақын арада жарияланады.

ForteBank өзінің барлық клиенттеріне ақпараттық және кеңес беру бойынша қолдау көрсетеді. Банк қазіргі уақытта клиенттерге үздіксіз қызмет көрсету үшін операциялық бөлімдерді жаппау туралы шешім қабылдады, сондай-ақ санитарлық шараларды күшейте отырып, клиенттер барлық арналар арқылы уақтылы ақпарат алулары үшін байланыс орталығының көлемін ұлғайтты. ForteBank клиенттері сандық арналардан басқа, байланыс орталығына 7575 нөмірі бойынша қоңырау шала алады. Банк жұмысы туралы ақпарат пен жаңалықтар https://forte.kz/covid19 арнайы бетте жаңартылады.