Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank Қызылорда қаласында заманауи филиалын ашты

10 қазанда Қызылорда қаласында ForteBank-тің заманауи филиалының ашылу салтанаты өтті. Ашылуға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили қатысты.

«ForteBank еліміздің барлық аймақтарында жаңа үлгідегі жоғары технологиялық бөлімдерін ашуды жалғастыруда. Өткен жылдың мамыр айында біз Қызылорда қаласындағы филиалдың құрылысын бастадық, бүгін сол филиалды ашуға қуаныштымыз. The Financial Brand баспасының нұсқасы бойынша біздің офистеріміз банк бөлімшелерінің ең үздік дизайны қатарында. Біз жаңа сервистер жасай отырып, инновация мен технологияға зор көңіл бөлеміз, кезекке тұруды азайтып, банкпен қарым-қатынас процесін барынша жайлы, қолайлы және пайдалы етуге тырысудамыз», - деп атап өтті ашылу салтантында Гурам Андроникашвили.

Қонақтарға экскурсияны ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили мен филиал директоры Еркінбек Мұсабаев жүргізді. Олар офистердің тұжырымдамасы мен стилі ұзақ талқыланып, DINN италиялық дизайнерлік компанияның мамандарымен мұқият дайындалғандығын айтты. Бөлімшелердің басты ерекшелігі клиенттерді кезекте тұрудан арылтатын ыңғайлы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары. Барлық қажетті қызметтерді барлық қолданушылар үшін ашық мобильді қосымша арқылы жасауға болады. Басқа кез келген банктің клиенті бола тұра ForteBank қосымшасын жүктеп, тіркеліп, банктің барлық қызметтерін қолдануға болады.

«Елбасының тапсырмасы аясында Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Аймақтағы бизнесті дамытуда еліміздің ең тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан банктерінің бірі ForteBank те маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Қырымбек Көшербаев.

Банк аймақтағы тұрғындарға және компанияларға қызмет көрсету бойынша сенімді қадаммен алдыңғы қатарға шығуда. ForteBank облыстық филиалының клиенттері 30 000 астам жеке тұлғалар және 2000-дай кәсіпкерлер. ForteBank «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының белсенді қатысушысы, ал Қызылорда облысындағы филиалы бөлінген қаражатты игеру бойынша бірнеше рет алғашқы үштікке кірді.

2017 жылдың қорытындысы бойынша филиал облыстағы екінші деңгейдегі банктер арасында рұқсат етілген жобалар саны мен сомасы бойынша екінші орынға ие болды. 2018 жылы филиал 300 млн. теңге сомасына 9 жобаны қаржыландырды. Қазіргі уақытта 1 млрд. теңгеден астам сомаға 12 жоба қарастырылуда және ағымдағы жылдық соңына дейін жүзеге асырылады.