Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

ForteBank қазақстандықтарды үйдегі Наурыз үшін марапаттайды

ForteBank #SaveNauryz атты флешмоб жариялап, қазақстандықтарды көшеге шықпауға, Наурызды үйде мерекелеуге және сол үшін сыйлыққа ақша алуға шақырады.

Наурызды қазақстандықтар халықтық сауық-сайран, серуендермен тойлап үйренген. Алайда, коронавирус салдарынан концерттер мен фестивальдар тоқтатылды. Енді бәрі карантинде отырып, тойды үйде тойламақ. Үйде отырудан адамдардың еңсесі түспеуі үшін ForteBank оларды #SaveNauryz атты флешмоб жариялап, онда 10 000 000 теңге ұтысқа салу арқылы қолдауға шешті.

Флешмоб мәні ұғынықты: ол үшін 22 наурызда үйде қалу, Наурыз мейрамымен бейнеқұттықтау түсіру, оны әлеуметтік желілерде #SaveNauryz хэштегімен орналастыру қажет. Банк барлық қатысушылардың арасында әрқайсысы 100 000 теңгеден 100 ақшалай ұтыс ойнатады.

Оның шарттары туралы банктің әлеуметтік желілердегі мына парақшаларынан толығырақ оқып біліңіздір: https://www.instagram.com/fortebankkz/ https://www.facebook.com/fortebank/ https://vk.com/fortebank

ForteBank өкілдері #SaveNauryz флешмобының көмегімен қазақстандықтарды біріктіре алады және олардың көңіл-күйін көтереді деп сенеді.