Размер шрифта:

A
A
A

Изображения

Fitch Ratings ForteBank бойынша рейтингілер болжамын «Тұрақты»-дан «Позитивті»-ге жақсартты

2019 жылғы 3 желтоқсанда Fitch Ratings халықаралық рейтингілік агенттігі ForteBank бойынша рейтінгілер болжамын «Тұрақты»-дан «Позитивті»-ге жақсарту және эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингісін (ЭДР) «В» деңгейінде растау туралы шешімі жайында хабарлады.

Fitch аналитиктерінің хабарлауынша: «ForteBank соңғы бірнеше жыл бойы тұрақты және негізді табыстылықты көрсетіп келеді (ROAA және ROAE – 2019 жылдың 9 айы үшін 2,3% және 20%), бұл біздің пікірімізше тұрақты көрсеткіш. Forte активтері сапасының қауіп-қатері төмен. Қорландыру және өтімділік сапасы – рейтингінің біршама күшті жағы».

Бұл жаңалықты ForteBank Басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили толығырақ мәлімдеп өтті:

«Fitch-тің ForteBank рейтінгілері бойынша болжамын жақсартуы біз үшін де, клиенттеріміз үшін де маңызды оқиға болып табылады және банктің тұрақтылығы мен сенімділігін тағы бір мәрте растайды. Біз клиенттеріміз тарапынан банкке деген жоғары сенімділікті білдіретін оң қаржы көрсеткіштерін көрсетуді жалғастырамыз».

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Moody’s Investors Service (“Moody’s”) халықаралық рейтингілік агенттігі ForteBank депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингін В3-тен В1-ге (бірден екі сатыға) көтерді, болжамы - «Тұрақты», ал S&P Global Ratings рейтингілік агенттігі ForteBank рейтингтерін «В»-дан «B+» дейін көтерді, болжамы - «Тұрақты».

2019 жылы ForteBank негізгі қаржы көрсеткіштері бойынша сапалы өсуді көрсетеді:*

· жыл басынан бастап активтерінің өсуі +15,8% (+280,7 млрд тг), бұл банктің еліміздегі ең ірі банктердің алғашқы үштігіне кіруіне мүмкіндік берді;

· банктің кредиттік портфелінің өсуі +5% (+32,6 млрд тг);

· банктің депозиттік портфелінің өсуі +7,5% (+83,3 млрд тг);

· 2019 жылдың 9 айы үшін банктің комиссиялық табысының өсуі, 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, +49,9% (+5,2 млрд тг) құрады;

· 2019 жылдың 9 айы үшін қызмет нәтижелері бойынша таза кірістің өсуі, 2018 жылдың 9 айымен салыстырғанда, +46,5 %;

· Банк нарықта капиталдың жеткілікті болуының ең жоғары көрсеткіштерін көрсетуді жалғастыруда – 17,4% (К2) – (ҚР ҰБ деректері);

· Өтімділік көрсеткіші жоғары деңгейде қала береді және 156% құрайды.

*деректер 01.10.2019ж. жағдайы бойынша ұсынылды